(без названия)

Қазақстанға әлемнің 45 елінен гүл жеткізіледі

Өткен жылы Қазақстан 77,6 млн АҚШ долларына 11 тоннаға жуық гүл мен гүл бүршігін импорттаған. Бұл – Ұлттық статистика бюросының дерегі. Ал алдыңғы жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған. Гүлді негізгі жеткізуші – Эквадор. Жалпы, импортталатын гүл көлемінің 41,9%-ы осы елдің үлесінде. Одан кейін, гүл елімізге Қытай, Нидерланд, Колумбия және Кениядан әкелінеді. Айта кетейік, былтыр, Қазақстанға гүл әлемнің 45 елінен жеткізілген. Негізінен, раушан гүлі импортталады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал