8 наурыз мерекесі қарсаңында әдеттегідей гүл дүкендері мен онлайн-платформалар қызу жұмысқа кіріседі. Сұраныс артып, сауда қызады. Осы ұрымтал тұсты интернет-алаяқтар пайдаланып қалуға тырысып жатыр. Алаяқтар өздерін жеткізу қызметінің, банк немесе түрлі ұйымның өкілі ретінде таныстырып, тапсырысты растау үшін SMS арқылы келген кодты сұрауы мүмкін. Ал бұл – қаржылық операцияларға қол жеткізетін құпия мәлімет. Мұндай ақпаратты үшінші тұлғаларға беру банк шотындағы қаражаттың жоғалуына немесе сіздің атыңызға несие рәсімделуіне әкеледі. Тағы бір жиі кездесетін тәсіл – әлеуметтік желіде жалған парақшалар ашу. Онда гүл мен сыйлық арзан бағада ұсынылып, алдын ала төлем талап етіледі. Ақша аударылған соң, мұндай парақша бірден бұғатталады. Полицейлер мерекелік сыйлықтарды фтек сенімді сатушылардан алуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және ешкімге, SMS-код пен банк деректерін бермеуге кеңес береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.