Абай облысындағы полигонда әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы өңірлік гарнизонның баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметке сәйкес, әскери қызметші техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан жараланып, қаза болған. Қазір аталған факт бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиға орнында құзырлы орган өкілдері жұмыс істеп жатыр.
АБАЙ ӨҢІРЛІК ГАРНИЗОНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оларға белгіленген тәртіппен қажет қолдау көрсетіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.