Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 3 300-ден астам қазақстандық елге оралды. Отандастарымызды елге қайтару жұмыстарыьжалғасуда. Мамандардың мәліметінше, осы жағдай әлемде мұнай бағасының қымбататуына әсер етіп жатыр. Бұл Қазақстан экономикасына оң ықпал етуі мүмкін.
Бүгінге дейін 12 әуе рейсімен 3300-ден астам отандасымыз Қазақстанға жеткізілді. Жуырда Ирандағы дипломаттар 34 адамды шекарадан алып шыққан. Ал бүгін тағы 7 қазақстандық елге оралды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, өңірдегі дипломатиялық өкілдіктер эвакуация толық аяқталғанға дейін жұмысты тоқтатпайды.
Ирандағы қақтығыс әлем экономикасына да әсерін тигізбей қоймады. Азия қор нарығы құбылды. Инвесторлар құнды қағазды жаппай сатып жатыр.
Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты қара алтынның нарықтағы бағасы көтеріліп жатыр. Қазақстандық сарапшылар Бренд маркалы мұнайдың бір бареллі 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін деп болжайды. Бүгінде оның құны 10 пайызға өсіп, шамамен 80 доллардан асқан.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасаған еді. Оған жауап ретінде Тегеран Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға қарымта соққы жасап жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Әзербайжанның Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын білдірді. Мемлекет басшысы бұл әрекетті қатаң айыптайды. Жалпы бұл оқиғаның Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін бейбіт жолмен реттелетініне сенім білдірді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.