(без названия)

Елімізде су тасқыны қаупі жоғары 1242 елді мекен бар.

Елімізде су тасқыны қаупі жоғары 1242 елді мекен бар. Үкімет басшысы Ақмола облысына сапарында, төтенше жағдайды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізіп, су тасқынына қарсы әрекет ету тәртібін нақтылады. Әсіресе Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облысында қауіп басым. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов: «39 мың адам және 18 мыңнан астам техника әзір», — дейді. Барлық қызмет күшейтілген дайындыққа көшті.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
– Тасқын жүйесінің нәтижелері 31 елді мекенді су қауіп бар екенін көрсетті. Сондықтан кез келген сценарийге дайын болуымыз керек. Бүгінде кейбір өңірлерде су тасқынына дайындық шаралары толық қамтамасыз етілмеген. Елді мекендерде қорғаныс бөгеттерін нығайту, өзендердің түбін тереңдету, жағалауды бекіту жұмыстары аяқсыз қалды. Қарағанды және Абай облыстарында далалаық жерлерде тасқын қаупі сақталып отыр. Сондықтан осы аптада күштер мен құралдардың дайындығын қамтамасыз ету керек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал