Ақтөбе облысында ауа райы күрт құбылды. Қалың қар жауып, боран соқты. Осыған байланысты үш республикалық маңызы бар жол жабылды. Бұл – Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облысы және Ресей шекарасына баратын бағыттар. Ертең де күн райы қолайсыз болады. Сондықтан жолдар таңғы сағат 9-ға дейін жабық болады. Мамандар жолаушыларға мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауға кеңес береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.