(без названия)

Ақтөбе облысында 528 учаске жұмыс істейді

Ақтөбе облысында референдумға дайындық қызу. 15 наурыз күні өңірде 528 референдум учаскесі мен 14 аумақтық комиссия жұмыс істейді. Ал облыс бойынша 577 мыңнан астам адам таңдау жасау құқығына ие. Қазірдің өзінде халық тіркелген жері бойынша учаскелерге барып, тізіммен таныса алады. Жалпы, Ақтөбедегі әскери бөлімде және Мұғалжар ауданындағы екі еңбек ұжымында дауыс беру таңғы 6-да басталады. Айта кетейік, сол күні басқа қалада жүрген адамдарға есептен шығару куәлігін алу керек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал