Тараздың көне тарихымен танысу үшін енді мұражайға барудың қажеті жоқ. Қаладағы 100-ден астам автобуста арнайы QR-код пайда болды. Жолаушылар жол-жөнекей шежіреге көз жүгірте алады. Смартфон арқылы QR-кодты сканерлеп, үш тілде тарихи-мәдени ескерткіш туралы ақпаратты оқи алады. Олардың мекен жайы мен ғимаратқа кіру құнын да білуге болады. Бұдан бөлек, қоғамдық көлікте «Аудио гид» қызметі де іске қосылған. Цифрлық жоба өзге де автобустарға орнатылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.