Дәлдік. Төзім. Шапшаңдық. Алматылық қос маманның қызметі осыны талап етеді. Бірі – мыңнан астам операцияны сәтті жасаған хирург, екіншісі – 20 жылдан бері төтенше жағдайдың бел ортасында жүрген дәрігер.
Операциялық бөлмеде ешқандай қателік кешірілмейді, мұнда тыныштық, нақты зейін мен дәлдік талап етіледі. Райхан Болатбекова үшін хирургия саналы таңдау болды. Медициналық университетті тәмамдап, акушерлік және гинекология бойынша интернатурадан өткен соң онкология мамандығы бойынша резидентураға түсті. Бүгінде дәрігердің артында көпжылдық тәжірибе және мыңнан астам жасалған операция бар.
РАЙХАН БОЛАТБЕКОВА, ОНКООРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Хирургия саласында өз орнын табу үшін әйел хирург екі есе жылдам, батыл әрі білімді болуы керек. Сондықтан әйелдерге бұл мамандықта игеріп жүру оңай емес деп ойлаймын. Дегенмен бүгінде барлық мүмкіндік бар. Ең бастысы, ниет болса, бұл арманды жүзеге асыруға ешқандай кедергі жоқ.
Онкогинекология — медицинаның ең күрделі бағытының бірі. Мұнда кәсіби біліктілікпен қатар батылдық, мінез беріктігі және ішкі төзімділік те аса маңызды. Ал жұмыстан тыс уақытта Райхан – аяулы жар, екі баланың анасы. Оның айтуынша, тепе-теңдікті сақтау оңай емес, бірақ отбасының қолдауы күш береді.
Егер операциялық бөлмеде уақыт сағатпен есептелсе, жедел жәрдемде кейді секунд тағдырды шешеді. Мұнда әрбір шақырту – белгісіз жағдай. Шұғыл көмек қажет ететін науқастардың диагноздары әртүрлі жол-көлік оқиғасы, инфаркт, баланың ұзақ қызулауы немесе кенеттен есінен тануы мүмкін.
Операциялық бөлмеде де, жедел жәрдем көлігінде де Қазақстанның түкпір-түкпірінде әйелдер күн сайын адам өмірі үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Ал әрбір 8 наурыз –медицина саласында жүрген қыз-келіншектерге төзімі, батылдығы мен ұйқысыз түні үшін алғыс айтатын күн.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.