Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ПОЛИГОНДАҒЫ ОҚЫС ОҚИҒА
Абай облысындағы полигонның бірінде келісімшартпен қызмет етіп жүрген әскери қаза тапты. Қайғылы жағдай жауынгерлік техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан болған.
СЕНІМ МЕН СЕРГЕЛДЕҢ
Баспаналы боламыз деп барынан айырылды. Семейде 140-тан астам адам қаржы пирамидасына алданып, 1 млрд теңге шығынға батқан. Қазір сот жалғасып жатыр.
АЛАЯҚТЫҢ АЙЛАСЫ
Сыйлық емес, сор. Мерекелік қарбаласта әмияныңызды қалай сақтайсыз? Жеткізу қызметінен келген қоңырау неге қауіпті? Интернет-алаяқтықтың жаңа схемасын бірге талдаймыз
ҚАУІП БАР
Елімізде су тасқыны қаупі жоғары 1242 елді мекен бар. Үкімет басшысы Ақмола облысына арнайы барып, төтенше жағдайды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді.
АВТОБУСТАҒЫ ТАРИХ
Тараздың көне тарихымен танысу үшін енді мұражайға барудың қажеті жоқ. Қаладағы 100-ден астам автобуста арнайы QR-код пайда болды. Жолаушылар жол-жөнекей шежіреге көз жүгірте алады.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.