(без названия)

Атырау облысында жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды. Дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, Алматы қаласында тергеу кезінде күдікті Сұлтан Сәрсемалиев тағы екі адамды өлтіргенін мойындап, денелерін бұрын жалдап тұрған үйінің ауласына көмгенін айтқан. Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның денесі Геолог ықшам ауданынан табылған. Бүтін бір отбасыны өлтірді деп күдіккке ілінген әулеттің күйеу баласы мен қызы кеше Атырауға жеткізілген еді. Бірақ құқық қорғау орындары бұл туралы ресми ақпарат таратпады.
Еске салсақ, олар ақпан айының соңында Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал