(без названия)

«Астана жастары» орталығының еріктілері аруларға 1000 қызғалдақ сыйлады

Сыртта ақтүтек боран соғып тұрса да, елордалық арулардың көңілінде көктем шуағы ұялады. «Астана жастары» орталығының еріктілері қала көшелерінде мерекелік көңіл күй сыйлады. Күтпеген жерден тосынсый жасап, ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектердің алғысын алған жастардың бастамасы туралы көрейік
Көше ақтүтек бораннан көрінбей тұрса да, көктемнің лебі сезіледі. Өйткені «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған мерекелік акция қыз-келіншектердің көңілін көтерді. Атауы да ерекше. «Көктем шуағы». Еріктілер қаланың қақ ортасында, көпшілік жүретін жерде аруларды мерекемен құттықтап, гүлшоғын сыйлап жатты.

ДӘУІРЖАН ЖҰМАНОВ, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
– Біз елордамыздың нәзік жандыларына 1000 гүлшоғын таратып жатырмыз. Мереке қарсаңында біз де елордамыздың нәзік жандыларын қуантудан қалыс қалмайық деп, осындай керемет іс-шара жасап жатырмыз.

Шараға ондаған ерікті қатысып, олар бірнеше сағат бойы қала тұрғындарын құттықтады. Күтпеген сыйлық алған қыз-келіншектер мен әйелдер еріктілерге алғыс айтып, жылы тілектерін білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама – нәзік жанға сыйланған мерекелік көңіл күй ғана емес, қоғамдағы рөлі мен еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі. Еріктілер мұндай игі акция жалғасатынын айтады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал