Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Дәмханадағы өрттен ауыр жарақат алған тағы екі науқас көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың бірі Щучинск қаласындағы «Авиценна-Бурабай» стационарының жансақтау бөлімінде емделіп жатқан. Екіншісі Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында жан тапсырды.
Еске салайық, қайғылы оқиға 26 ақпанда болды. «Палау орталығында» газ баллоны жарылды. Алғашында алты адам қаза тапқаны хабарланған еді, кейін бұл сан тоғызға жетті. Зардап шеккендер санитарлық авиациямен Көкшетау ауруханаларына жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, дәмхана иесі екі айға қамалды.
МӘДИНА СМАҒҰЛОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Дәрігерлер зардап шеккендерді аман алып қалуға тырысып жатыр. Осы мереке күндері екі науқас көз жұмды. Денесінің 80-85 пайызы күйіп қалған. Ақмола облысы ауруханасында тағы зардап шеккен төрт адам ем алып жатыр. Оның бірі Щучинск қаласында, үшеуі Көкшетауда. Екеуінің жағдайы ауыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.