(без названия)

Атырау облысында жоғалған отбасының мүшелері – Мейрамгүл мен Наурыздың мәйіті табылды

Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасының мүшелері – Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевтің мәйіті табылды. Олардың денесі облыс орталығындағы үйлердің ауласында көмілген. Кеше осы қылмысқа күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілген еді. Күдікті кінәсін мойындап, екі адамның денесін қайда көмгенін айтқан. «Төрт адамды өлтіруге ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжал себеп болған», — дейді Ішкі істер министрлігінің өкілдері. Қазір отбасының кіші қызы, яғни Ақбаян Мұқанғалиеваның қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Оның психикалық жағдайына сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге жіберілген.
Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айында полицияға 66 жастағы ер адамның, 64 жастағы әйелдің және олардың балалары – 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен. Кейін ерлі-зайыптылардың мәйіті ауласындағы сарайдан табылғанын айтқан едік. Қазір тергеу «Екі және одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша іс жүргізіліп жатыр.
ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ, ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПД БАСТЫҒЫ:
— ІІМ Индонезия Республикасындағы әріптестермен бірлесе отырып, Атырау облысында отбасыны өлтірген күдіктіні ұстап, елге жеткіздік. Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде қаза тапқандардың мәйіттері табылды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс «Екі немесе одан да көп адамдарды» өлтіру бабы бойынша жүргізілуде. Тергеу барысындағы басқа да деректер жария етілмейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал