(без названия)

Таразда автобус жүргізушісіне мас жолаушы пышақ сұғып алған

Таразда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады. Әлеуметтік желілерде осындай бейнежазба тарады. Белгілі болғандай, 59 жастағы жүргізуші №11 бағыттағы жұмыс ауысымын аяқтағанымен, 40 жастағы жолаушы автобусты тоқтатпауын талап еткен. Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал туып, жолаушы жүргізушіні жүрек тұсына таман пышақ сұғып алған. Зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Ал қарсылық көрсеткен күдіктіні полицейлер оқиға орнында ұстап алды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
НҰРЖАН ӘБДІРАЙЫМОВ, КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ЖАРАҚАТ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Науқастың жағдайы ауыр емес, үйіне жіберілді. Ары қарай емдеу шаралары өзінің тұрақты жерінде өтеді.

БАЙЖАН БАЙГЕЛДІ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Айғақ зат – бәкі тәркіленіп алыды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал