Қостанай облысы Қарабалық ауданында полиция жүзден астам айыппұлды төлемей, бекеттен алаңсыз өтпек болған жүргізушіні ұстады. Шетелдік нөмір жазадан құтқарады деп ойлады ма әлде ортақ базаның барын ұмытты ма? Әйтеуір «Рубеж» стационарлық бекетіне шетелдік тіркеудегі автокөлікпен қамсыз келген жүргізуші тәртіп сақшыларын таңғалдырған. Жол ережесін көзге ілмеген тұрғынның 1 млн теңгеден астам айыппұлы бар болып шықты. Соған қарамастан жүргізуші емін-еркін көлік тізгіндеген.
ДАНИЯР АСЫЛХАН, ПД АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Шамамен сағат кешкі бестерде біз «Лада Гранта» көлігін тоқтаттық. Құжаттарды және азаматты тексеру барысында «Қорғау» базасынан 102 төленбеген әкімшілік айыппұлы бар екені анықталды. Осыдан кейін аталған көлік әрі қарай тексеру жүргізу үшін арнайы айып тұрағына қойылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.