Шахран мұнай қоймасынан аққан шикізат қаланың кәріз желілерін істен шығарды.
Тегеранда жаңбыр суын ағызатын кәріз арналары жарылып, бірнеше жерде өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, жаңбыр суы кәріз жүйесіне Шахран мұнай қоймасы мен Солтүстік Тегерандағы басқа мұнай нысандарынан шыққан мұнай қалдықтарымен араласып кеткен. Салдарынан кәріз құбырларында жанғыш газ жиналып, кейін жарылыс болды. Куәгерлердің айтуынша, көшелердегі құбырдан жалын шығып, қалың қара түтін көтерілген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, кеше Израиль Иранның Тегерандағы мұнай және жанармай қоймаларына соққы жасаған болатын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.