Артық төленген ақша қайтарылады. Қарағандылықтар үшін маңызды хабар. Ұлттық экономика министрлігі 200-ден астам есепті саралап, монополистердің былығын әшкереледі. Су, жарық, газ бен жылу үшін төленген 3 миллиард теңгеден астам қаражатты қайтару туралы шешім шығарды. Қайтарылатын қаражаттың басым бөлігі, яғни 2,27 миллиард теңгесі сумен қамтамасыз ету және су бұру қызметтеріне қатысты. Ал коммуналдық қызмет көрсететін 18 мекеме заң алдында жауап береді. Өңірдегі барлығы 73 кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы, тарифтік сметаның орындалуы тексерілген. Ұлттық экономика министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұл бағыттағы тексерістер алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.