(без названия)

СҚО-ға қарасты Бескөл ауылының тұрғындары қоғамдық көлік тапшылығына шағымданды

Бескөлдің бейнеті бітпеді. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты ауыл тұрғындарының мұңы екі әкімдіктің арасында қалды. Петропавлға қатынайтын жұрт анда-санда бір жүретін автобусты сарыла күтіп, шақырымдап жаяу жүруге мәжбүр. Қалалық әкімдік жауапкершіліктен қашса, аудан басшылығы: «Ауыл ішінде маршрут ашу жоспарда жоқ», — деп қысқа қайырған.
Бескөл тұрғындары арасында «Санта-Барбара» деп аталып кеткен ауданның тұрғындарды бұл. Автобусты сарыла күткен жұрттың сабыры сарқылған. Айтуларынша, қараша қоғамдық көлікке жарымай келеді. Әсіресе таңда оқумен жұмысқа асығатындарға тіптен қиын болып тұр.

ЕРМЕК ҚОЖАКИН, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Таңертеңгі сағат 7-де толып келеді. Біз сыймай қаламыз. Одан жұмысқа үлгеру үшін 4 шақырым трассаға жүру керек. Мысалы, маған 8-де жұмыста болу керек. Мен сегіз жарымда, тоғызда барамын. Бастықтарға айтқаныммен, олар: «Бұл сенің проблемаң», — дейді. Облыс әкіміне хат жаздым. Жауап жоқ әлі.

Бескөл халқының дені Петропавл қаласына қатынап жұмыс істейді. Екі арадағы қашықтық небәрі 10 шақырымнан асады. Тұрғындардың бұлай сенделіп жүргеніне бірнеше жыл болған. Ал таксидің қызметі қалтаны қағады.

Елдімекен Қызылжар ауданына қарасты болғанымен мәселесі Петропавл қаласы әкімдігіне тиесілі. Мұндағылардың сөзінше 101 маршрутқа күніне 8 автобус шығады. Ал олардың барлығы Бескөл ауылын толық айналып жүре алмайды.

БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Қосымша автобустар санын көбейту негізгі маршруттағы қозғалыс аралығын 30 минутқа дейін ұлғайтып, жолаушыларға қолайсыздық туындатуы мүмкін. Айта кету қажет, №101 маршрут қала маңы маршруты және оның негізгі міндеті – Петропавл қаласы мен Бескөл ауылын байланыстыру. Ал Бескөл ауылының ішіндегі тұрақты автобус қозғалысын ұйымдастыру Қызылжар ауданы әкімдігі мен ауылдық округтің құзыретіне жатады.

Ал Бескөлде ауыл ішілік маршрут ашу әзір жоспарда жоқ. Мұны аудандық әкімдіктегілер мәлімдеді. Сондықтан бұқараның бұл талабы қашан орындалатыны белгісіз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал