Алматы облысының Шелек ауылындағы автобекет аумағы жабайы сауда орнына айналған. Жергілікті тұрғындар осылай деп дабыл қағып отыр. Автобекетте саудагерлер қаптап кеткендіктен, ауылдық округтерге қатынайтын қоғамдық көлік көшеде тұрады. Ал Алматыға тіпті автобус қатынамайды. Ол үшін тұрғындар такси қызметіне жүгінеді. Алатау баурайындағы алып шаһарға барып қайту үшін такси жүргізушілері әр жолаушыдан 6 мың теңге талап етеді. Автобекет аумағы жекенің меншігінде болғанымен, санитарлық тазалық талапқа сай емес. Инфрақұрылым жоқ, көше жолы шұрық-тесік. Тұрғындар әкімдікке бірнеше рет арыз жазғанымен, әзірге еш нәтиже болмай тұр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.