(без названия)

БҚО бойынша 503 референдум комиссиясы құрылды

Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 503 референдум комиссиясы құрылды. Олардың біреуі – аумақтық, 13-і – аудандық және қалалық, 489-ы – учаскелік. Комиссия мүшелерінің саны – 3215. Аймақта 446 391 тұрғын дауыс беру құқығына ие болса, солардың 237 532-сі Орал қаласынан. Референдумды әзірлеу және өткізу жөніндегі орталық комиссия бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес аумақтық комиссиялардың құрамы, учаскелердің шекаралары белгіленген. Сонымен бірге референдум қарсаңында «Ашық есік» акциясы ұйымдастырылады. Акция күні барлық азаматқа қосымша ақпарат беріліп, өзекті сауалдарына жауап беріледі.
ӘДІЛ ЖОЛАМАНОВ, АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ|:
— Барлық референдум учаскесінде ашық есік күнін өткізуді 11 наурызға қойып отырмыз. Бұл күні кез келген сайлаушы өзінің тіркелген учаскесіне бара алады. Референдум комиссиясының төрағасы сайлаушыларға өздерінің тізімдегі аты-жөндерін көрсетіп, сонымен қатар референдум өткізудің ерекшеліктерімен таныстырады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал