Экологиялық жауапкершілік енді Конституциямен қорғалады. Негізгі заңның преамбуласы мен алғашқы баптарында табиғатты сақтау басты қағидат ретінде көрсетілген. Бұл – қоршаған ортаны қорғаудың жаңа деңгейі. Саясаттанушы Жанар Төлендинованың пікірін тыңдап көрейік.
ЖАНАР ТӨЛЕНДИНОВА, ҚСЗИ МЕДИА ЖОБАЛАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Жаңа конституция жобасы – адам құқықтарын қорғау және бостандықтарды қамтамасыз етудің халықаралық стандартқа сай ұмтылысы. Бұл қағидат Конституцияның преамбуласында көрініс тапқан. Соның ішінде экологиялық жауапкершілік, яғни табиғатқа ұқыпты қарау мәселесі де бекітілген. Бұл осы қағидатқа қайшы келетін заңның қабылдануына жол берілмейтінін білдіреді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.