Шығыс Қазақстан облысында донорға берілетін төлемақы шамамен үш есе артты. Енді қан және плазма доноры – 3100 теңге, ал тромбоцит доноры 5000 теңге алады. Қаржылай ынталандыру – донорлық қан тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған жаңа қадам. Алғашқы нәтиже де жоқ емес. Жыл басынан бері шығыс қазақстандықтар 400 литрден астам қан тапсырды, ал өткен жылы 7 мың литрге жуық донорлық қан жиналған. Бұл қан әсіресе өңірлік Ана мен бала орталығына қажет. Мұнда шала туған сәбидің көпшілігіне қан құю керек болады. Сонымен қатар бұл орталықта көршілес Абай облысынан келген науқастарға да операция жасалады.
ЖІБЕК НАУРЫЗБАЕВА, АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТРАНСФУЗИОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
— Бұл терапия біз үшін өте маңызды, әсіресе сәбилер үшін. Нәрестелерге алғашқы күннен бастап қажет. Сонымен қатар біз жансақтау бөлімінде жатқан науқастарға күн сайын гемотрансфузиялық терапия жүргіземіз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.