(без названия)

Таразда автобус жүргізушісіне мас жолаушы пышақ сұғып алған | 10.03.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АУЛАҒА КӨМІЛГЕН АҚИҚАТ
Бүтін бір әулеттің ажалы күйеу баладан келді ме? Индонезияда қолға түскен күдікті үйінің ауласынан тағы екі мәйітті тауып берді. Атырау облысында ұшты-күйлі жоғалған отбасыға қатысты жантүршігерлік дерек пен тергеу туралы сәлден соң айтамыз.

ЩУЧИНСК ТРАГЕДИЯСЫ
Қаралы тізім ұзарды. Щучинскідегі жантүршігерлік өртте денесінің 85 пайызы күйіп қалған екі науқас көз жұмды. Газ баллонының жарылуына нақты не себеп? Қылмыстық істің барысы мен зардап шеккендердің жағдайы қалай?

ЖҮРГІЗУШІГЕ ШАБУЫЛ
Жұмысын аяқтаған тараздық автобус жүргізушісіне мас жолаушы пышақ сұғып алған. Зардап шеккен азамат жансақтау бөліміне жеткізілді. Күдікті қайда? Жанжалға не себеп?

АВТОБУС ЖЫРЫ
Бескөлдегі бейнет. Солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындар анда-санда бір жүретін автобусқа симай, қақаған қыста шақырымдап жаяу жүруге мәжбүр. Сенделген жолаушылар мұңын қала мен аудан билігі бір-біріне сілтеп әлек.

ДОНОРЛЫҚҚА ЖАҢА СЕРПІН
Бір тамшы қан бір адамның өмірін сақтайды. Шығыс Қазақстан облысында донорға берілетін төлемақы 3 есе өсті. Бұл – аймақтағы донорлық қан тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған жаңа қадам.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал