Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады. Соның салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды. Президент халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін атап өтті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.