15 наурыз – республикалық референдум күні елдің ел аймағында тұрғындар қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл туралы өңірлік әкімдіктер хабарлады. Елордада 15 наурыз күні қала ішіндегі барлық бағыт, сондай-ақ экспресс және қала маңына қатынайтын маршруттар ақы алмайды. Бұл қадам қала тұрғындарының дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетіп, саяси науқанға белсенді қатысуы үшін жасалып отыр. Оңтүстік өңірде де референдум күні көлік қатынасы жеңілдейді. Тегін жүру мүмкіндігі облыстың бес ірі қаласында ұйымдастырылады. Түркістан, Кентау, Шардара, Сарыағаш және Арыс. Бұл қалаларда автобустар жолаушыларды таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін, яғни дауыс беру учаскелері жабылғанша тегін тасымалдайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.