(без названия)

Ақтаулық ана түзету орталығының қызметкері балама күш көрсетті деп шағымданды

Ақтаудағы түзету орталығында ерекше балаға қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтау тұрғыны Раиса Маратқызы ұлының денесі бірнеше рет көгеріп келгенін байқаған соң, не болғанын анықтау үшін түзету орталығындағы бейнебақылау камераларының жазбасын көрсетуді талап еткен. Көргені ата-ананы шошытты. Бейнежазбада жаттықтырушының баламен дөрекі сөйлесіп, күш қолданғаны байқалады. Кадрларға қарағанда, оқиға жаттығу кезінде болған. Баланың анасы бірден құқық қорғау органдарына шағымданған. Қазір орталықтың жұмысы уақытша тоқтатылып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.

ӘЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Арызданушының барлық уәжі тексеріліп, бейнебақылау камераларының жазбалары мұқият зерделенуде. Сонымен қатар мекеменің барлық қызметкерінен жауап алынуда. Бұдан бөлек, тиісті уәкілетті органдар – білім беру және денсаулық сақтау басқармаларына олардың құзыреті шеңберінде қажет шараларды қабылдау үшін ұсыныс жолданатын болады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал