Қылмысты ойдан құрастырған. Тараз тұрғынын қарақшылық шабуыл туралы жалған хабар бергені үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Әйел полицияға жүгініп, үйіне бетперде киген, қарулы белгісіз ер адам басып кіргенін айтқан. Оның айтуынша, әлгі адам қолын байлап, алтын әшекейлері мен ақшасын алып кетіп, ізін суытқан.Алайда әйел бұл сценарийді ойдан құрастырған болып шықты. Полицияны алдап, «әккі ұрыдан» алтындарын қайтарып аламын деген қиял болса керек. Белгілі болғанындай, әйел өз алтынын өзі ұрлаған. Әшекейлерін бірнеше ай бұрын ломбардқа сатып жіберген. Күйеуімен жанжалдан құтылу үшін ол қарақшылық шабуыл туралы жалған оқиға ойлап тапқан.
ҚҰНДЫЗ БӨГЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Ауыр қылмыс туралы хабарламадан соң шұғыл түрде полиция қызметкерлері тергеп тексеруді бастап, жедел іздестіру іс шараларын жүргізді. Алайда ешқандай шабуыл дерегі орын алмағаны анықталды. Қазіргі уақытта қылмыс туралы көрінеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша тергеу амалдары басталды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.