Аутизм диагнозы бар жігіт жұмыс істеген Burger King тамақтану желісінде еңбек заңнамасы жүйелі бұзылған. Еңбек инспекциясы жоспардан тыс тексерудің қорытындысын жариялады. Тексеру қызметкер Әлібек Қаратайдың арызы бойынша жүргізілген. Өтініште көрсетілген деректер толық расталды. Компанияның үстінен «Еңбек заңнамасын бұзу» бабы бойынша және тағы екі баппен әкімшілік іс қозғалды. Қазір бұл жағдай мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылауында. Тексеру жұмыскерлердің еңбек құқықтары толық қалпына келтіріліп, берілген нұсқама талаптары орындалғанға дейін жалғасады.
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ:
«Жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын жүйелі түрде сақтамау фактілері анықталды. Атап айтқанда, жұмыскерлердің келісімінсіз жалақыдан заңсыз ұстап қалу, жалақыны жүйелі түрде кешіктіру, нақты жұмыс істеген уақытты есепке алмау және мереке әрі демалыс күндеріндегі еңбекақыны жоғарылатылған мөлшерде төлеу талаптарын сақтамау фактілері тіркелді. Сонымен қатар ауысым кестелері жұмыскерлерге заңмен белгіленген мерзімдерді бұза отырып жеткізілген».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.