Абай облысында су тасқынының алдын алу қарқынды жүріп жатыр. «Қазгидрометтің» соңғы болжамына сәйкес, өңір жоғары тәуекел аймағына енгізілген. Осыған байланысты мамандар өзендердегі мұзды жару жұмыстарына кірісті. Семей іргесіндегі Ертіс учаскесінде мұз жарылды. Мамандар облыстағы алты аудан – Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Аягөз және Ақсуат тасқын қаупі жоғары аймақтың тізіміне енгізді. Қазір өзен арналарында мұз кептелісін болдырмау үшін арнайы жарып жатыр. Бұл шаралар Ертіс пен Үлбі өзенінің өзге де күрделі учаскелерінде жалғаспақ. Төтенше жағдайлардың алдын алуға өңір бойынша 1500-ге жуық маман мен 500-ден астам техника сақадай сай тұр. Семей қаласының өзінде де сақтық шаралары қатаң. Әсіресе жыл сайын су басатын Шығыс кенті мен «Юность» ауданы ерекше бақылауға алынған. Биыл қала әкімдігі қар шығару жұмыстарын күшейткендіктен, ірі су басу қаупі төмен болады деп болжануда.
НҰРСҰЛТАН АЛДОҢҒАРОВ, ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
– Бүгін өзендегі шамамен 700 метр аумақта мұз жару жүргізілді. Бұл – алдын алу шарасы. Жалпы, мұндай жұмыстар облыстың бірнеше учаскесінде жоспарланған. Су тасқыны кезеңіне қажет күш те, құралдар да толық дайын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.