(без названия)

Семейде еріген қар суы бірнеше ауланы басты

Семейде күрт еріген қар мен жауған жаңбыр суы бірнеше аулаға кіріп, тұрғындарды әбден әбігерге салды. Тіпті кей баспаналарда ағын су тобықтан асқан. Қалада су басу қаупі бар 98 көше, яғни 17 аумақ анықталған. Қыс бойы бұл жерлерде қар шығарылып, көктемге дайындық жүргізіледі. Алайда жаңадан асфальт төсеген кезде барлық жағдай ескерілмеген. Жаңа жолды биіктеу салғанда жан жағынан су ағызатын арықтар салыну керек еді. Әкімдікке топан судан қауіптенген отбасынан 280 өтініш түскен.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал