(без названия)

Түтін бе, тозаң ба? Алматыда аллергияға шағымданғандар көбейді

Көктемнің келуімен Алматыда маусымдық аллергия белгілеріне шағымданатын тұрғындар саны артып келеді. Көпшілік мұрыннан су ағу, түшкіру және көздің жасаурауы сияқты белгілерді байқай бастаған. Кейбір тұрғындар өздерінің жағдайының нашарлауын қаладағы түтінмен байланыстырады. Алайда мамандардың айтуынша, ауа ластануы мен аллергияның пайда болуы арасында тікелей байланыс жоқ. Дегенмен қалада ұзақ уақыт бойы жаңбыр жаумай, жел соқпаған кезде ауада түтін бөлшектерімен қатар өсімдіктердің тозаңы да жиналып қалады. Осындай жағдай аллергияға бейім адамдарда ауру белгілерін күшейтуі мүмкін.
ТАИР НҮРПЕЙІСОВ, АЛЛЕРГОЛОГ-ИММУНОЛОГ:
— Нашар экология тыныс алу жүйесі ауруына да, тері патологиясына да әсер етеді. Тіпті шаштары құрғап, түсе бастағанына шағымданады. Әрине, мұның бәрі иммунитетке де ықпал етеді. Қаланы түтін басқанда, ауа құрамы өзгереді. Сол кезде респиратор пайдалануды ұсынамын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал