Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай нарығына әсер етіп жатыр. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, соңғы күндері баға қатты құбылған. Бір мезетте қара алтынның құны барреліне 119 долларға дейін көтерілсе, қазір шамамен 87 доллар деңгейіне түскен. Бұған Парсы шығанағындағы мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдар себеп. Соның салдарынан нарықтағы мұнай көлемі азайып, баға тұрақсыз болып тұр. Дегенмен Энергетика министрі мұнай қымбаттағанымен, елімізде бензин бағасы әзірге өзгермейтінін айтты. Ал қажет болған жағдайда Қазақстан Қытайға қосымша 5 миллион тоннаға дейін мұнай жеткізе алады. «Бұған техникалық тұрғыдан мүмкіндік бар, бәрі сұранысқа байланысты», — деді Ерлан Ақкенженов.
ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
— Сыртқы факторлар қазақ мұнайына оң әсер етеді. Баға көтерілген кезде бюджетке және ұлттық қорға кіріс көбейеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.