Таяу Шығыс елдеріндегі қауіпті жағдайға қарамастан осы аймаққа сапарлауға әрекеттеніп жатқан қазақстандықтар бар. Осы ретте Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына арналған нұсқаулық жариялады. Бахрейн, Мысыр, Израиль, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері секілді елдерге барудан бас тартуға шақырды. Эвакуация басталғалы бері уәкілетті мемлекеттік органдар әуе компаниялардың көмегімен 8 жарым мыңнан аса отандасымыз елге қайтарылды. Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары әлі де жалғастырып жатыр. Алдағы күндері Израильден – 78, Қатардан – 350, Біріккен Араб Әмірліктерінен – 550 және Сауд Арабиясынан 300 адамды эвакуациялау жоспарланған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі аталған өңірде белсенді әскери іс-қимылдар тоқтағанша, бірқатар мемлекетке сапарлаудан бас тартуға шақырды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.