(без названия)

Жаңа Конституция жобасына қатысты өзбекстандық сарапшылар пікірі білдірді

Қазақстандағы жаңа Конституция жобасы – оң өзгерістерді одан әрі жеделдетуге жасалған бетбұрыс. Елдің игілігі жолында қызмет ететін маңызды құжат жобасында ғылым мен инновацияны дамыту, адам құқығы мен бостандығын қадірлеу басты назарда. Конституциялық реформа көптеген саланың өркендеуіне жол ашады. Өзбекстандық сарапшылар пікірі осындай. Әділетті мемлекет қағидаттарын нығайту, адам құқығын басты назарға алу жайы аса құптарлық. «Алдағы уақытта өтетін халықтық референдум тату көршіміз тәуелсіз Қазақстан тарихында айрықша із қалдыратын саяси оқиға боларына сенімдімін», — дейді Өзбекстандағы заң шығару палатасының өкілі.
ДИЛОРОМ ФАЙЗИЕВА, ОЛИЙ МАЖЛИСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
— Қазақстанда жүзеге асып жатқан конституциялық реформаны барынша қолдаймыз. Жаңа Конституция жобасында бірнеше бағытқа басымдық берілген. Әсіресе жасанды интеллектіні дамыту, жеке деректердің қорғалуы сынды тұстары заман талабына сай аса маңызды. Реформа елдегі басқару жүйесіне оң серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады. Конституциялық жаңашылдықтың арқасында бауырлас ел табысты дамитынына сенімдімін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал