15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық тиянақталып жатыр. Дауыс беру учаскелері жабдықталып, ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін жағдай жасалған. Дауыс беруді бақылау үшін халықаралық бақылаушылар да қатысады. Қазіргі таңда 38 шет мемлекет пен 11 халықаралық ұйымнан 359 бақылаушы аккредитациядан өткен. Сондай-ақ референдумда 68 шетелдік бұқаралық ақпарат құралы, 185 журналист жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты бірқатар елде шетелдегі 11 сайлау учаскесінің қызметі уақытша тоқтатылған.
ЕРЛАН ЖЕТІБАЕВ, СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына, сондай-ақ Украина мен Эфиопиядағы қауіпсізідік деңгейінің төмен болуына байланысты 10 елдегі 11 учаскенің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Олардың арасында Қазақстан Республикасының Иран, Израиль, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия елшіліктер жанындағы, сондай-ақ Дубай қаласындағы Қазақстан консулдығы жанындағы учаскілер жатады. Осылайша 54 елде 71 учаске жұмыс істейтін болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.