15 наурыз референдум күні Орал қаласы бойынша 27 бағыттағы қоғамдық көлік тегін қатынайды. «Бұл бірінші кезекте тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне барып, таңдауын жасауына қолайлы жағдай жасау үшін», — дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер.
Айта кетейік, 15 наурыз күні шаһарда 489 референдум комиссиясы жұмыс жасайды. Ал 237 532 оралдық қатысу құқығына ие. Барлық бағыттағы қоғамдық көліктер бекітілген кестеге сай таңғы 6:30-да желіге шығады. Ал тасымалдаушы кәсіпорындардың сол күнгі шығындары жергілікті бюджет есебінен субсидияланады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.