(без названия)

102 жастағы қария өмірге құштарлығымен жұртты тәнті етіп жүр

Көп жасаған қария. Жақында 102 жасын атап өткен Иван Фриз – Ақмола облысының Щучье қаласындағы қарттар үйінің тұрғыны. Өзін өте сергек сезінетін ардагер ондағы қам көңіл қариялардың көңілін көтеріп жүреді.
Әз Наурыз – ол үшін қос мереке. Алты жылдан бері өзі тұрып жатқан медициналық-әлеуметтік мекемеде ол 102 көктемін қарсы алады. Жұбайы қайтыс болып, жалғыз қалған Иван Фриз амалсыздан осында қоныстанған. Бүгінде ол орталықтың ең белсенді әрі жанындағы адамдарға жақсы көңіл күй сыйлайтын тұрғынына айналған. Осы ғұмырында талай қиындықты бастан кешірген. Аштық көрген балалық шақ, еңбек армиясы. Құрылыс алаңында, ауыл шаруашылығында ауыр жұмыс істеген. Бірақ ешқашан қамықпаған. Гармонь тартады, қазақ әуендерін жақсы біледі. Өмірге құштар жан әрдайым жаңалықтарды қадағалайды. Концерттерде өнер көрсетеді, гүл егіп, танымдық экскурсияларға да қатысады. Ол үшін, әр күн – жаңа қуаныш.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал