Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АҚТАУДАҒЫ ОЗБЫРЛЫҚ
Ем алуға барып, соққы жеді. Ақтаулық ана түзету орталығындағы озбырлықты бейнежазба арқылы әшкереледі. Дөрекі қарым-қатынас пен күш қолданған қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Көгерген баланың денесі мен психологиялық соққы үшін кім жауап береді?
ҚЫРЫҚ ӨТІРІК
Үйге басып кірген қарақшы. Қолды болған алтын. Тараздық келіншек өз алтынын өзі ұрлап, «үйге ұры түсті» деп қырық өтірік құрастырған. Енді ол полицияға жалған мәлімет бергені үшін 8 жылға сотталуы мүмкін. Бір тұтам өтіріктің ақыры немен аяқталды?
БАҒБАН ШЫҒЫНҒА БАТТЫ
Шымкентті ақ ұлпа қар басты. Наурыздағы тосынсыйға қала халқы таңырқап жатқанда, шаруалар үсіп кеткен жеміс ағашын қалай қалпына келтірерін білмей дал. Бағбан шығынын кім өтейді?
БАЛА ЖҰМЫСШЫ
Үйде телміріп отырғанша, адал еңбекпен ақша тапқан артық. Сәтбаевтағы жасөспірімдер «Жасыл ел» сапында тер төгіп, нәпақасын тауып жүр. Заңгерлер 14 жастан бастап жұмысқа орналасудың жолдарын түсіндірді.
ҚАРТ АУДАРМАШЫ
Гүл егеді. Баянмен ән салады. Щучинскідегі қарттар үйінде тұратын ғасыр жасаған ақсақал қазір аудармашы қызметін атқарып жүр. 102 жылдық тарих пен таусылмайтын оптимизм туралы сәлден соң айтамыз.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.