Алматыда алапат өрт. Таң атпай будақтаған қою қара түтін тұрғындардың зәресін ұшырды.
Бүгін таңертең Алматының Алатау ауданында ірі өрт болды. Барахолка маңындағы Шоссейная көшесінде орналасқан қойма өртенді. Қалың қара түтін бірнеше шақырым жерден көрініп, маңайдағы кәсіпкерлерді алаңдатты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шамамен 200 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел түрде оқшаулап, оның көрші қоймаларға таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.