Астанада ел болашағына қатысты маңызды басқосу басталды. Дәл қазір Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр. Еліміздің барлық өңірінен мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы келген. Форум аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және өңірлік мәселелерді шешудің жаңа тетіктері талқыланады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.