Атырауда бойжеткенге күш көрсеткен 21 жастағы жігіт ұсталды. Жас қыздың бетінде соққының ізі бар. Ал күдікті қолындағы пышағымен оған қоқан-лоқы көрсетіп, балағаттаған. Оқиғадан кейін зардап шеккен бойжеткен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, оның қолында, аяғында және бетінде жарақат бар. Полицияның мәліметінше, егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол үш жылға дейін сотталуы мүмкін.
АТЫРАУ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 21 жастағы күдікті қамалды. Тергеу жүріп жатыр».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.