Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетін жел ұшырды. Құрылыс материалы балалар алаңына құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Алайда бұл жағдай елордалықтардың есіне осыдан біраз уақыт бұрын болған сұмдық оқиғаны түсірді.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада көпқабатты үйдің кондиционері құлап фельдшер қаза тапқан еді. Сол кезде де ғимарат қауіпсіздігі мен техникалық күйіне кім жауапты екені туралы дау туындады. Енді, міне, тағы қайталанды. Сорақысы сол, қауіпсіздік былай тұрсын әкімдік бүлінген үйді жөндеуді тұрғындардың мойнына ілмек. Үй 11 жыл бұрын салынған.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Қазіргі уақытта тұрғын үй кешенін басқаратын компания жөндеу жұмысының құнын есептеп, қасбетті қалпына келтіру үшін өнеркәсіптік альпинист тарту мәселесін қарастырып жатыр. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңының 34-бабына сәйкес, пәтер иелері кондоминиумға тиесілі ортақ мүлікті күтіп-ұстау міндетін өздері көтереді».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.