(без названия)

Өскемендіктердің тұрмыстық қалдық шығаруға берешегі 247 млн теңгеге жетті

Өскемен тұрғындарының тұрмыстық қалдық шығаруға берешегі 247 миллион теңгеге жетті. Шағын аудандағы қоқыс жәшіктері аузы мұрнынан шығып, толып кетеді. Оның үстіне, қалалық коммуналдық ұйыммен тұрғындардың тек 60%-ы ғана келісімшарт жасаған. Кейбір тұрғынның бас-басына 200 мың теңге қарыз жазылған. Ал жеке үй иелерінің көпшілігі қоқысты өздері өртеп жібереді немесе орталықтандырылған қоқыс жинау қызметінен мүлде бас тартады. Қалада қатты тұрмыстық қалдықты шығару тарифі соңғы 4 жылда өзгермеген. Сондықтан тарифті қайта қарау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Өскеменде бюджет қаражаты есебінен құрылыс қалдықтарын бөлек жинауға арналған арнайы контейнер қойылмақ. Бұл да қызмет ақысына әсер етуі мүмкін.
НҰРГҮЛ СЕЙТЕНҒАЗИНА, «ӨСКЕМЕН-ТАЗАЛЫҚ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ең бастысы, қоқыс үнемі тазалануы керек. Жарық төлемін жасамаса, қия саламыз. Суды төлемесе құбырды жабамыз. Ал тұрмыстық қалдықты жинап, қызмет көрсеткеніміз үшін тұтынушы ақысын бермесе, біз ештеңе істей алмаймыз. Ешқандай тетік болмаған соң тұрғындардан талап ету қиын.

РАШИД ШЕРУБАЕВ, ТҮКШ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Өткен жылы 1 мың контейнер сатып алынып, қаланың әр жеріне қойылды. Қоқыс шығаратын компаниялар арнайы техника да алды. Тағы бес-алтауын сатып алғысы келеді. Тұрғындар қоқыс шығарғанымыз үшін төленетін ақыға жауапкершілікпен қарап, уақытылы өтеуі тиіс.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал