(без названия)

Оралда бұралқы иттерді аулауға арналған конкурс өтпей қалды

Биыл Оралда көшедегі бұралқы иттерді аулауға арналған конкурс өтпей қалды. Себебі оған қатысуға кәсіпкер-мердігерлер тарапынан ешқандай ұсыным түспеген. Жергілікті билік осы мақсатқа қазынадан 9 миллион теңгеден астам қаражат бөлген еді. Жоспар бойынша, осы ақшаға 2 мың ит-мысық аулануға тиіс болған. Бірақ бұл бағыттағы жұмыстар қазір тұралап қалды. Енді таяу күндері конкурс қайта жарияланады. Жеңімпаз сол кезде анықталуы мүмкін. Конкурсқа түсіп, оның шарттарына сәйкес деп танылған кәсіпкерге қойылатын талап бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал