(без названия)

Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының маңызын түсіндірді

Жаңа Конституция жобасының ел болашағы мен әрбір азамат алдындағы мақсаты мен маңызы қандай? Жуырда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ата заңның жаңа жобасына қатысты бейнеролик жариялады. Онда жарты жыл бойы әзірленген құжаттың мазмұны мен маңызы жан-жақты түсіндірілген. Қариннің айтуынша, жаңа Конституция жобасы – тек құқықтық құжат емес, қоғамдағы ортақ келісімді білдіретін маңызды, қоғамдық келісім. Құжатты әзірлеуге 100-ден астам сарапшы қатысып, азаматтардан мыңдаған ұсыныс түскен. Жоба қазіргі қоғамдағы жаңа сұраныстарды, соның ішінде адам құқықтарын қорғау, экология, дәстүрлі құндылықтар мен зайырлы мемлекет қағидатын қамтиды. Естеріңізге сала кетейін, жаңа Конституция жобасын қабылдауға қатысты референдум наурыздың 15-і күні өтеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал