Референдумға санаулы күн қалды. Саяси науқан дәстүрлі түрде бюллетенмен дауыс беру арқылы жүргізіледі. Айта кетейік, республика бойынша 10 мыңнан астам референдум учаскесі жасақталған. Онда 71 мыңнан аса комиссия мүшесі жұмыс істейді. Елде дауыс беруге құқылы 12 млн 500 мыңға жуық азамат тіркелген. Астана және Алматы қалалары мен Түркістан және Алматы облыстарындағы дауыс беруші саны 1 миллионнан асады. Ең аз дауыс беруші Ұлытау облысында. Бұл аймақта 136 мыңнан астам азамат дауыс беру құқына ие.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.