Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚАСБЕТТІ ЖЕЛ ЖҰЛДЫ
Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетін жел ұшырды. Құрылыс материалы балалар алаңына құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Алайда әкімдік бүлінген үйді жөндеуді тұрғындардың мойнына ілмек. 11 жыл бұрын салынған үйдің қауіпсіздігіне кім жауапты?
БОРАННЫҢ ӘЛЕГІ
Көзілдірік киген құтқарушы емес, қарапайым бойжеткен. Павлодар тас жолында Мария есімді ару ақтүтек боранда 4 шақырым жаяу жүріп, адасқан қалың көлікке жол сілтеді. Уақытылы діттеген жеріне жете алмаған шаруалар еңбегі зая кетті.
ҚЫЗҒАЛДАҚ ҚАР ЖАМЫЛДЫ
Қызғалдақтың тағдыры қыл үстінде. Шымкентте бағбандар рекорд орнатып, 1 млн 600 мың түп гүл еккен еді. Алайда күн күрт суытып, көктемнің нышаны қар астында қалды. Әлі бүршік атып үлгермеген өсімдік енді өсе ме?
БӘРІ ХАЛЫҚ ҮШІН
Аймақтың қаржылық дербестігі мен депутаттар жауапкершілігі. Астанада өткен мәслихат депутаттарының республикалық ІІІ форумында Президент ауыл бюджетін арттырудың нақты жолын көрсетті.
АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ
Алаяқтарды сан соқтырған менеджер. Ақтөбеде 10 миллион теңгені аудармақ болған жігіттің есін жидырған сауда орнының қызметкері азаматтық ұстаным мен қырағылықтың үлгісін көрсетті. Қандай? Сәлден соң айтамыз.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.