(без названия)

Ақтөбеде қоқыс маңынан ала сөмкеге салынған ер адамның мүрдесі табылды

Ақтөбеде қоқыс контейнері маңынан ала сөмкеге салынған 55 жастағы адамның мүрдесі табылды. Оны бірінші болып сол аумақтағы аула сыпырушы байқаған. Полицейлер бұл іске қатысы бар адамды іздестіріп жатыр. Оқыс оқиғаға қатысты өзге де ақпарат тергеуге қатысты жарияланбайды. Құқық қорғаушылар тұрғындардан шындыққа жатпайтын және түрлі алыпқашпа әңгіме таратпауды сұрайды.
БОЛАТ ЖҰМАҒАЛИЕВ, АУЛА СЫПЫРУШЫ:
– Ала сөмкеге салып кеткен. Иісі шығып жатты. Біз мал сойған шығар деп ойладық.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал