Тыныштық күні не білу керек? 14 наурыз сағат 00:00-ден бастап елімізде сайлау алдындағы тыныштық күні басталады. Бұл – сайлаушының ешқандай сыртқы әсерсіз, өз таңдауын саралап, қорытынды шешім қабылдауына берілген уақыт. Ал тәртіп бұзылса, айыппұл қарастырылған. Жеке тұлға ережені бұзса – 43 250 теңге, заңды тұлға 108 125 теңге төлейді. Сонымен қатар қазақстандықтарға референдум алдындағы алаяқтық әрекет туралы ескерту жасалды. Қаскөйлер азаматтарға қоңырау шалып, «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS-кодты айтуды сұрайды екен. Абай болыңыздар! Референдумға қатысу үшін ешкім телефон соқпайды, тіркемейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.